Әйелдің ойы – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Әйелдің ойы» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1759
(аударма)

Тарс жауып есікті, біржолата кеттің сен,
қайтем аппақ сезімді жазғы құйын
деп білсең.
Ұмыттың ба түндерді, жалындаған кезіміз?
Түсінбедім жоғалтып алдық екен нені біз?
Өмір сүрдім сен үшін, еркелеттім баладай,
көңіліңді табам деп, өзіме де қарамай.
Ауырғанда өбектеп, қатерлерден қорғап ем,
бақытты әйел мен едім әлемдегі сонда мен.
Көк теңізде көлбеңдеп кемеміздің желкені
өмір кештік. Ал бүгін соның бәрі – ертегі.
Есің кіріп өзіңе өкінетін күн туар,
сонда сенің жүрегің мені еске алып бұлқынар;
көздеріңе мұң тұнып, жүрегіңді қайғы орап,
еске аларсың дірілмен сүйгенімді аймалап.
Сезім деген – жас шыбық, өсірмесең құлатпай,
қаңғып кетер Махаббат жетім қалған лақтай.

АНДРЕЙ БЕЛЯЕВ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері