Шарап құйған шыныдан – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Шарап құйған шыныдан» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1699
(аударма)

Ертегі ұзақ, мас түннің
сәттері өтіп барады.
Перде астында жас кыздың
жарқылдайды
тамағы.
Тұлғасы - тал гүлдеген,
көрсең, шіркін,
күлгенін!
- Ақын мырза, білмеп ем,
сүйкімдісіз сіз керім!
- Сіз орысша білмейсіз,
Бірақ көзден сырды ұғам...
Жібек шарқат жылжыған
иығының тұсында,
сосын аяқ ұшында
қалғып жатыр сұр жылан.

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері