Диван жақ бұрышта – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Диван жақ бұрышта» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 935
(аударма)

Пеш қалдырды солғын мұнар –
шоқ табын.
Терезелер сөндірді бар
оттарын.
Кемені айдын ағыстарда
жалмаған.
Тырна ұшады салып таңда
сарнап ән.
Шықпайды - бос алаңдама –
енді Күн!
Мен - ақынмын, маған ғана
сен бүгін!
Ертегімді ұқ, албырт гүлім,
сен менің.
Әкелемін барлық түрін
перденің.
Сезімімнің жалындары
қыздырып,
балқиды әлі жанындағы
мұз жібіп.
Тізе бүгіп қарсы алдыңда
жігіттер,
батады әлі аңсау-мұңға
үміткер.

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Диван жақ бұрышта өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Диван жақ бұрышта өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Диван жақ бұрышта өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Диван жақ бұрышта өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері