Кешірмей бір қатені
Бұл бетте «Кешірмей бір қатені» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен мендік бола алмадың,
Мен сендік бола алмадым.
Секілді көкте жұлдыз,
Жетпеген сол арманым.
Секілді көкте жұлдыз,
Жетпеген сол арманым.
Қарасаң күле кімге,
Ауыр жүк жүрегіме.
Жаным-ау түсінбеппін,
Еркелеу мінезіңе.
Жаным-ау түсінбеппін,
Еркелеу мінезіңе.
Кешірмей бір қатені,
Бар әлем сырға толды.
Сағынсам қалқам сені,
Жүрегім жырға толды.
Сағынсам қалқам сені,
Жүрегім жырға толды.
Ақтау. 18.01.2002 ж.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі