Жеңімпаз – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жеңімпаз» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1569
(аударма)

Төрт жылғы соғыс жанына
салғанмен талай жараны,
орыстың жері тағы да
гүл атып, бүршік жарады.
Жерлерде кеше сабылған
ұрыспен кешіп сан айды
жас гүлдер шыққа малынған
дірілдеп бүгін қарайды.
Найзағай өткен жерлерде
тілгілеп түннің түндігін
күл болған құмды белдерде
қалалар өсіп тұр бүгін.
Бетке алып үйін бөктермен
сүрапыл жанын сынаған
ерлікті бастан өткерген
келеді орыс - ұлы адам.
Құтқарып әлем тірлігін
қалды өзі ажал торынан.
Дүние арнап жыр, гүлін
тосады оны жолынан.
Дұшпанды талай жер жұтты,
моласы сонау қалған мың.
Ол біздің өшпес ерлікті
есіне салар жаулардың.

МИХАИЛ ДУДИН


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері