Аналар мен жесірлердің тілегі – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Аналар мен жесірлердің тілегі» атты Фариза Оңғарсынова жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1050
(аударма)

Қол қусырып тіледік,
Көзімізде шын бақыттың күлкісі
ойнап жүр едік
күннің өзін тербетіп,
Жүрегіміз кеудемізден сүт бұлағын селдетіп.
Қызыл қанмен, қылышпен
құтқарыңдар фашизмнен, жер көрмеген бұл істен!
Берші қару біздерге,
фашистерді атқылайық, атқылайық біздер де!
Бұлағы едік өмірдің,
Қиял тұнған кеудемізден шарықтайтын көңілді үн.
Достар, бізге қару әкел, қару әкел, жарай ма,
фашистерді құртамыз біз, құртамыз біз қалайда!
Олар аз ғой өлгендерден, бұғанасы қатпаған
қыршын кеткен боздағымыз жазықсызға оқ атпаған.
Біз оларды сүюші едік ес қалмай,
Тек өмірді ойлайтынбыз басқа ештеңе еске алмай.
Қолымызға қару ұстат, басқа ештеңе көрсетпе,
Өлімменен арпалысып өлеміз біз өлсек те!

ПОЛЬ ЭЛЮАР


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аналар мен жесірлердің тілегі өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Аналар мен жесірлердің тілегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аналар мен жесірлердің тілегі өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Аналар мен жесірлердің тілегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері