Сабағы әлсіз сары гүл
Бұл бетте «Сабағы әлсіз сары гүл» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сабағы әлсіз сары гүл
Жартаста жалғыз тұр өсіп.
Жауын ба, жел ме – бәрі бір,
Өзінше ол да күресіп,
Жартаста жалғыз тұр өсіп.
Дәнеңе де атпай желігіп,
Олжасыз қалған бір мерген
Отырған сәтте ерігіп,
Жартастан жалғыз гүл көрген.
Паналап төсін көненің,
Жыл сайын осы гүл өсер.
Көрсетпек болып өнерін,
Көздеді оны бір есер.
Бір есер отыр сүйініп,
Есерді қостап жаңағы.
Үкілі қыздай иіліп,
Қиылды гүлдің сабағы.
Тамыры терең көмілген,
Жартасқа жаңа гүл өсер.
Өткінші мынау өмірмен
Өзінше ол да күресер.
Күшті
Күшті
өте керемет өлең
Өте жақсы
Жақсы
өте әсерлі керемет
Өте керемет
Керемет
күшті өлең жолдары
əсерлі екен күшті
Кушти маган оте катты унады.
өте жақсы жəне тамаша өлең
Керемет екен ғой
Оте асерли
Жақсы
Өлең өте жақсы екен маған ұнады .
Өлеңдер жақсы екен маған ұнады өте əсерлі екен тіпті.
Маған негізі Мұқағалидың өлеңдері бұрыннан ұнайтын. Мынау да жақсы екен
Пікірім: өте жақсы!
Жақсы оқу
Өте жақсы