Ұнатпайды жұрт мені

Бұл бетте «Ұнатпайды жұрт мені» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1400
(аударма)

Ұнатпайды жұрт мені
Кінә тағып түрлі кеп.
Өсектер де бітпеді
найзағайдай тілгілеп.
Мені жерлеп кінәлап,
тарап жатады сөз деген.
Ту сыртымнан тұра қап,
Атқылайды көзбенен.
Сөйткен сайын нықталам,
Қажымаймын тіпті де.
Жасай алмай түк маған
Әуре боп жүр жұрт, міне.
Асқақ қарап талайдың
мысын мұрттай құртқан ем.
Мысқыл жүзбен қараймын
айтақтасқан жұртқа мен.
Түк емес қой мазақтар
десем де одан азбаймын:
Кейде іштегі азаптан
Құлап кете жаздаймын.
Жанарымда мұң тұнып
тұрса-дағы, жұрт мені
дейді «өр кеуде, сұм қылық,
бұл не қылған мықты еді?»
Түсінбейді мені түк –
жаным - тұнжыр түн менің,
Ал неліктен кемітіп
көре алмайды, білмедім.
Бұрқасын жел жолды үрлеп
жүріп келем зорға мен...
Өркөкірек болғым кеп
аңсап кетем сонда мен...

ЕВГЕНИЙ ЕВТУШЕНКО


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұнатпайды жұрт мені өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Ұнатпайды жұрт мені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұнатпайды жұрт мені өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұнатпайды жұрт мені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері