Жыр жазу деген – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жыр жазу деген» атты Фариза Оңғарсынова жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1167
(аударма)

Жыр жазу деген –
аласапыран теңіздің кәрі жартасын
тырнағыңменен шимайлау;
үніңмен тежеп мәңгілік күштің балтасын
жүректе тұнған мұңды айдау.
Жыр жазу деген –
арпалыс, өлу, тірілу, тілің сынса да
тірліктің отын тұтатып, оймен пайымдау;
қатыгез уақыт күліне айналдырса да,
шындықты айтудан тайынбау.
Жыр жазу деген -
жүрсең де талай қорлықты кешіп, ашынып,
жаныңды жаншып жалған дау,
адалдық пенен ақиқатқа ғана бас ұрып
өткінші үндерге алданбау.
Жыр жазу деген -
қайықта тұрып дауылды кешу басынан,
сезініп күшін ағынның;
сыбызғы жасап қамыстай қабықшасынан
сүлдері қалған жаныңның.
Күй кешіп солай ақырет дәмін татқасын,
туғандай жаның тазарып сосын, қақпасын
қайтадан ашу жалғанның.
Дауыл мен теңіз арпалысқанда сенделу,
әр сәтте кешіп тосын жай,
өлі жерлерге қайтадан сосын дем беру.
Жыр жазу, міне, осындай.

ЛИЙ СЕППЕЛЬ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жыр жазу деген өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жыр жазу деген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жыр жазу деген өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жыр жазу деген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері