Әр жүректің өз кілті бар
Бұл бетте «Әр жүректің өз кілті бар» атты Гульнази Назарова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әр адамның өз кілті бар,
Иә,иә таң қалмаңдар.
Өз сандығын ашатын,
Бақыт деген бастауға жол салатын.
Әр жүректің өз кілті бар,
Осыған да көңіл қойып ұғыныңдар.
Махаббатты мәңгі сақтап,
Қос аққудай бақытты болыңдар.
Иә, иә, сол шындығы ,
Иемденбейсің ол орынды.
Басқа кілт сәйкес келмес,
Тұрады сан саладан өмірдің өзі.
Бақытты таба алмассың ол жерден сен,
Қайтесің жаралап жүрегіңді.
Әркімнің бар өз кілті,
Сенің кілтің дәл келмейді.
Бақытын ұрлап біреудің,
Өткізбегің өкінішпен өміріңді.
Бақыт деген өз қолыңда,
Түскің деймін тура жолға.
Жетеді ғой басы бостар,
Кез келді ғой өз кілтіңді тура таңдар.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі