Махаббат- дастан – Гульнази Назарова

Бұл бетте «Махаббат- дастан» атты Гульнази Назарова жазған махаббат туралы өлең берілген.

Махаббат- дастан
Махаббат – дастан,
Талай жандар жырлаған.
Ақындар мен сазгерлер ,
Үзілместей жыр жазған.

Махаббат – дастан,
Ғашықтың жыры жалғасқан.
Екі жүрек табысып,
Айлы түнде сырласқан.

Үзілмесін бұл арман.
Жабырқаумен мұңдасқан,
Тоғытады бір жолға,
Жандарды да адасқан.

Махаббат деген бұл сезім,
Ешқашанда өшпесін,
Қиялменен самғаңдар,
Бақытты күтіп алдан.

Махаббат бұл бір дастан,
Жыр ғой ол аяқталмаған.
Талай жандар қуаныштан,
Бақыт құшағында ән салған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар