Өсиет

Бұл бетте «Өсиет» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1179
(аударма)

Жұмысшылар менің кіл жыр етерім,
Жер қопарған, кен қазған.
«Қара аралда» үйімді жағадағы
Мен өлгенде соларға мұра етемін.
Қанын сатқан Чилидің арамдары
Адамдарды қанады, сан алдады,
Қиналғандар демалып жүрсе деймін
Менің салған үйімде аралдағы.
Шаршағандар жамылып кек түнегін
Ұмытса сәл тұрмыстың тепкілерін,
Столымда отырып тамақ ішсе,
Төсегімде ұйқтаса деп тіледім.
Есігі ашық үйімнің, туысқаным,
Кел, ұмыт та азап пен жұмыс барын.
Салған үйім бұл менің өз қолыммен
Кешіп жүріп өмірдің ұрыстарын.
Мен осы үйде жыр жазғам тағы күшпен,
Махаббаттың шырынын қанып ішкем.
Талай ұзақ сапардан, сан елдерден
«Қара аралға» оралғам сағынышпен.
Сен де сағын бұл үйді, сағынасың,
Шын сағынып келмесең арыңа сын.
Айна төсті теңізге қара, сонда
Мазасыздау күйіңнен арыласың.

ПАБЛО НЕРУДА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өсиет өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Өсиет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өсиет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өсиет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері