Шындық – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Шындық» атты Фариза Оңғарсынова жазған шындық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 16.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2102
Шындық-ай, ауылың қайда еді,
сен бе деп жердің бар шамын
шатқаяқтап іздеп шаршадым.
Қалмады өлкемнің сай белі.
Анамыз: «Шындық – шың-құзда,
жолы да тайғақ», - деуші еді.
Көз тіктім әрбір жұлдызға,
сол екен дедім мен сені.
Аяғымнан тартып саз балшық,
ұрындым жұтпа сорға да.
Соқпақ іздедім қарды аршып,
кездеспей даңғыл жол дара.
Көлденең айдау жол қанша,
бойында қиқу, көп халық.
Тоқталам, азып тозғанша,
ерсем бе екен деп оқталып.
Шындық-ай, көрініп көздерге,
жар болсаң еді жолдасқа.
Торыққандары көп тоз жерге
жақынырақ қонсаң болмас па?!
Жан дүнием сені жоқтады,
сандалып келем оңбай құр.
Ауылыңның арбайды оттары,
жеткізетін түрі болмай тұр.

1993


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шындық өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Шындық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шындық өлеңі не туралы?

Бұл шығарма шындық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Шындық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері