Жалбарыну
Бұл бетте «Жалбарыну» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Билік деген – арыстан, мысық – пенде,
пысқырмайды шәуілдек күшіктерге.
Билік дерті қатерлі, жұқпалы әрі,
қауіптірек жазылмас ісіктен де.
Шалдыққанның көзіне түк ілінбей,
күн кешеді, биліксіз түрі кірмей.
Бәрін құрбан еткізіп, есіңді алып,
бұлтартпайды құдайдың іліміндей.
Биліктінің қолы ұзын, татқаны май,
өмірі өтер онысыз бақ дарымай.
Билік кетсе, жұрттағы күшікпен тең.
Мені мұндай дертіңнен сақта, Құдай!
1995
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі