Ақыл

Бұл бетте «Ақыл» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1753
Жанамалап жандарында жүрмесең,
көзге түсіп, құнжыңдауды білмесең,
пасық-сасық саясатын, қылығын
құптаған боп күлмесең,
әкімдерге жағамын деп дәметпе
салма өзіңді әлекке!
Жүгенсіздер сөз сөйлесе құлшынып,
аңқау халық жиылады ұмсынып,
сонда әкімдер желөкпеден жасқанып,
қыпылдайды қымсынып
«былығымды айтып қояр елге» деп,
жүгенсізге жалбақтайды дөңгелеп.
Адал болсаң, асқақ болсаң, оңбадың –
ала қарға әулетінде болғаның.
Жағымпаз боп жандарында жалбақта,
не елірген дарақы бол, арды атта –
әкімдерге сонда ғана жағасың,
сонда оларға қадірлісің, дарасың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақыл өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Ақыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақыл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері