Ұлағат – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Ұлағат» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1583
Дүниенің болады өлшемі –
өлшеусіз нәрсе бар деме.
Керелендірер түбі ол сені –
араныңды ашпа әрнеге.
Улайды қарғыс көз-көре,
жебедей түзу жолы анық.
Жазықсыз жанды көздеме –
өзіңді түйрейді ол анық.
Жамандығың жұтқа істеген
кетпейді ауада жоғалып.
Сол қуат, сондай күшпенен
өзіңе келеді оралып.
Өлшеусіз болмас байлық та,
өлшеулі сөз де, пиғыл да.
Тегін берді деп май жұтпа:
ақ тілегіңді сый қылма.
Жақсылығың үшін жасаған
қарымына сыйлық дәметпе –
ниетсіз берген ас арам,
ішпе – түсесің әлекке.
Мақтама өзің өзіңді,
жұрт айтсын жақсылығыңды.
Өмірде дана сөз – үлгі,
әлемдей өмір ғұмыры.
1993


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері