Жаңбырсыз көктем

Бұл бетте «Жаңбырсыз көктем» атты Исраил Сапарбай жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 567
Жанары Күннің лаулады көктен,
Жарықтық, жаңбыр жаумады көптен.
Айқабақ көлдің арнасы азып,
Жалаңқай жаздан аумады көктем.
Ай бойы тамшы тамбады көктен,
Тамсанды тақыр тандайы кепкен.
Мамырдың майда еспеді лебі,
Масаты маңның маңдайын өпкен.
Бозамықтанып ажары белдің,
Басталмай жатыр базары көлдің.
Əлдебір үміт,
Əлдебір күдік
Намақұлдайды назарын елдің.
Сарғайған жұртты сағынбай жеткен
Биылғы көктем – Қарымбай көктем!
Талайдан бері талдырды-ау көзді
Бір шөкім бұлт табылмай көктен.
Алланың үнсіз хабарын алып,
Тасаттық берген тарады халық.
...Ұяттан жүзі қызарған қыздай
Батысқа Күн де барады лағып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңбырсыз көктем өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жаңбырсыз көктем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңбырсыз көктем өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жаңбырсыз көктем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері