Бұл бетте «Ағайынға жағынба» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ағайынға жағынба,
Жалбарынып, жалынба.
Бағаң сенің бес тиын,
Отырмасаң тағыңда.
Егер тағың болмаса,
Тайраңдама онда аса.
Ағайынға айтқан сөз –
Желмен ұшқан далбаса.
Жалғызбын деп мойыма,
Еш нәрсе алма ойыңа.
Өліміңе жиналар,
Келмесе де тойыңа.
Бұл өмірге тоқ пейлі
Болсын жандар көп мейлі.
О дүниеге мүлкінің
Бірін де алып кетпейді.
Күміс пенен алтынның
Біліп жатыр парқын кім?
Ай мен күндей жарқырап,
Аты қалар ақынның.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі