Өлең, жыр, ақындар

Ауылдағы ағалар

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2097
Ауылдағы ағалар, армысыңдар?
Дарқан көңіл қалыпта бармысыңдар?
Өздеріңді ойласам сағынышпен,
Көз алдыма келеді қарлы шыңдар.
Бұлақ болып бір тынбай ағасыңдар,
Барар жерді бұлжытпай табасыңдар.
Елдік пенен жаралған ерлік үшін,
Жандарыңда жаз жайлау жарасым бар.
Қысылғанда – қамқоршы панасыңдар,
Адасқанда – жол сілтеп бағасыңдар.
Дастарқанға шашылып бар асылдар,
Барған сайын шабылып қаласыңдар.
Кезек-кезек шақырып, қонақ қылып,
Сыйластықпен қуана қол ап тұрып,
Қимастықпен шығарып саласыңдар,
Ықылыспен от құшақ орап тұрып.
Өмірлері өнеге, жатқан аңыз,
Ағаларға ардақты мақтанамыз.
Алдарына аңсап бір барған сайын,
Айрықша бір сезіммен аттанамыз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бақбақ

  • 0
  • 0

Көктем келген шақта,
Қыр басында қаптап,
Секілді аппақ мақта
Жайқалады бақбақ.

Толық

Аманат

  • 0
  • 0

Жарығым, жаным, кең дала,
Арайлы таңым сен ғана.
Аймаладың мені алтын анамдай,
Аяладың мені жарқын балаңдай.

Толық

Тышқандардың тілегі

  • 0
  • 0

Біз Тышқанбыз, Тышқанбыз,
Дән тереміз тыстан біз.
Жол бойынан ін қазып,
Жинап жүрміз күнде азық.

Толық

Қарап көріңіз