Өлең, жыр, ақындар

Топтардан озбай, қалмай да

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 897
Топтардан озбай, қалмай да,
жүргенде досым көп қандай.
Біткендей жалғыз маңдайға
елжіреп қарар, оқталмай.
Досым ба, тілеулесім бе –
әйтеуір бәрі қоршалап,
жүретін кілең, есімде.
Қайда сол достар, сол сағат?
Бұл күнде солар жүр тілдеп,
тістенген жақтар сәт тынбай.
Сыртымнан бірі күңкілдеп,
қарайды бірі жақтырмай.
Жақсы едім, көпке мен үлгі ем -
жаман боп қалғандаймын ба?..
Жырақтап әлде сенімнен,
берілем бе екен жәй мұңға…
Көбінің менмін көргені,
жұтқандай жаңғақ аршымай.
Жалғыз бөкенге шөлдегі
оқталған сансыз аңшыдай
соңымда бәрі. Әлі мен
келемін жалғыз жасқанбай.
Тазарам түбі бәрінен
бұлттары көшкен аспандай.
1981



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сужүрек

  • 0
  • 0

Нағашымның баласы –
Айдар келді қаладан.
Үлкенсуін қарашы –
отыр үйде манадан!

Толық

Жабайұшқан

  • 0
  • 0

Өмірім - бұлқыныс дәйім
сезеді мұны білгендер ұмтылыс жайын.
Қашаңғы дала кеземін кезеріп ернім -
биігіңді бер, ей, аспан, бір

Толық

Алып Ер Тоңаны жоқтау

  • 0
  • 0

Шеңгелін ажал салды ма,
Ер Тоңаны алды ма,
сұм дүние артта қалды ма...
Қайғылы жүрек жыртылды-ау!

Толық

Қарап көріңіз