Баланың еркелігін – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Баланың еркелігін» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.05.2016
  • 0
  • 1
  • 11522
Баланың еркелігін
шытынап, көтермейміз.
Үш жаста-ақ ел сенімін
ақтаса екен дейміз.
Ойлаймыз: жүгірмесе,
сұрақтар бермесе көп,
көр-жерге үңілмесе,
жаныма келмесе деп.
Жүр дейміз арыстан боп
қарғитын қара құздан.
Өзіміз данышпан боп
туғандай анамыздан.


Пікірлер (1)

Рахманбек Нұрай

Тақпақ күшті маған ұнады

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері