Өлең, жыр, ақындар

Қарқын

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 661
Қыж-қыж қайнап, колхозды елім қырлықтан.
Қақ айырып қыр қыртысын қиратқан.
Толып кеткен жүзі жайнап жалшылар,
Трактордай тұлпарларын тулатқан.
Тоңды тесіп тұлпарының тұяғы,
Туырлықтай турылдырып туратқан.
Еңбекке штаб
— Колхоз күшті-ақ
Туыңды ұстап,
Қарыштап,
Еңбек майдан ордасына тура аттан!
Колхоз, совхоз жаңа ауылдың жаны бұл,
Еліміздің еңбегінің сәні бұл!
Октябрьдің нұры арқылы енбектің
— Туын көкке көтеретін нәрі бұл.
Соққан сендей, аққан селдей екпінді
Еңбекшінің шарықтаған шағы бұл!
Жаппай еңбек,
Колхоз күрлеп,
Байды іркілдек Конфискелеп,—
Дұшпандарға тағы істейміз шабуыл!
Бұл шабуыл шабуыл ма, майдан ба?
Мұнан да зор майдан қалған байларға.
Біз жасаймыз, күресеміз күнбе күн...
Майырылмаймыз мерт қыламыз майданда!
Тап күресін тоқтатпаймыз жеткенше
— Тегісшілдік, тапсыз нұрлы заманға.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Орыстың ұлы өзені

  • 0
  • 0

Еділ сені білемТайыр Жароковін
Төсін сүйген қайықтың,
Анамдай сен менің,
Апасысың Жайықтың.

Толық

Нұра бойында

  • 0
  • 0

Ақ төсін сүйін Арқаның,
Аққан бойын Нұраның
Аралап елін, алқабын,
Көрдім егін орғанын.

Толық

Жаз

  • 0
  • 0

Аймағымды аялап,
Алтын қанат туса жаз;
Айдын көлді қиялап
Қаңқылдап ұшар үйрек, қаз.

Толық

Қарап көріңіз