Жанымды шырмап менің бұлыңғыр мұң

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1514
Жанымды шырмап менің бұлыңғыр мұң
қайғыдан аласұрдым, сүріндім мың.
Еш пенде шыдамастай қылығыммен
сендерді қаншама рет түңілдірдім.
Азабын тартуменен күншіл күннің
шаттанар сәттерде де үнсіз күлдім.
Опасыздарға деген кек-ызамды
сендерге төгіп қанша күрсіндірдім…
Кейде, рас, қыңыр мінез, сыңаржақпын
(сонда да еркелеттің, бұлаңдаттың).
Сендерді ренжіттім біле тұра,
соныма қаншама рет жылап жаттым…
мен жұртқа ұнасам деп тырыспадым
(ойсызбен мүмкін емес ұғыспағым).
Шындықты көлгірсімей көзіне айттым,
сол үшін кезеді әркім қылыштарын.
Мен болсам, ызаландым барлығына,
жұрт маған қимай ма деп таңды мына.
Күрсінсем күлімдеді кейбіреулер,
тек сендер ортақ болдың зар-мұңыма.
Әйтеуір сендер мені тастамадың
(шынында арналса да басқаға әнім!).
Ешкімнен сескенбеймін.
Тек сендердің
осы бір ниеттеріңнен жасқанамын.
1978


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанымды шырмап менің бұлыңғыр мұң өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жанымды шырмап менің бұлыңғыр мұң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жанымды шырмап менің бұлыңғыр мұң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанымды шырмап менің бұлыңғыр мұң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері