Тегі, менің мойнымда мың қарыз бар

Бұл бетте «Тегі, менің мойнымда мың қарыз бар» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1376
Тегі, менің мойнымда мың қарыз бар,
соны ойласам, соққандай шыңнан ызғар,
менде құйттай жүрек пен тұлға мұздар.
Соларды өтей алам ба, ертең мені
не күтіп тұр? Алдымда тұр ма құздар?
Айтып қалғым келеді бүгін бәрін,
мың қарыз бар мойнымда, тыңдаңыздар.
Өртті демі секілді тамыздардың
жаны өртенген мен де бір аңыз жанмын.
Адамдық пен елдікті ту қып ұстап,
келісімге келмеуді уағыздадым,
ыңғайшылға төгілді бар ызғарым,
осы өлшеммен күн кешіп, өзім содан
таттым талай кермектеу арыз дәмін.
Сонда менің жанымның нағыз қамын
шерткендер бар. Еленбей жан ызғарым,
өз-өздері тартылып өрісіме,
сепкен солар жаныма бар ізгі әнін,
орбитама іліккен адамдардың
бәріне де сондықтан қарыздармын.
Мендейлерге оқ та жан-жақтан борар,
сонда ұмтылды қалқалап сақтауға олар.
От пен мұзы алмасқан болмысымның
ызғарына, өртіне қақталды олар.
Бір ғажабы, мен емес, солар түбі
адамзаттың бәріне мақтан болар!
1984


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тегі, менің мойнымда мың қарыз бар өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Тегі, менің мойнымда мың қарыз бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тегі, менің мойнымда мың қарыз бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тегі, менің мойнымда мың қарыз бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері