Өлең, жыр, ақындар

Тегі, менің мойнымда мың қарыз бар

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1350
Тегі, менің мойнымда мың қарыз бар,
соны ойласам, соққандай шыңнан ызғар,
менде құйттай жүрек пен тұлға мұздар.
Соларды өтей алам ба, ертең мені
не күтіп тұр? Алдымда тұр ма құздар?
Айтып қалғым келеді бүгін бәрін,
мың қарыз бар мойнымда, тыңдаңыздар.
Өртті демі секілді тамыздардың
жаны өртенген мен де бір аңыз жанмын.
Адамдық пен елдікті ту қып ұстап,
келісімге келмеуді уағыздадым,
ыңғайшылға төгілді бар ызғарым,
осы өлшеммен күн кешіп, өзім содан
таттым талай кермектеу арыз дәмін.
Сонда менің жанымның нағыз қамын
шерткендер бар. Еленбей жан ызғарым,
өз-өздері тартылып өрісіме,
сепкен солар жаныма бар ізгі әнін,
орбитама іліккен адамдардың
бәріне де сондықтан қарыздармын.
Мендейлерге оқ та жан-жақтан борар,
сонда ұмтылды қалқалап сақтауға олар.
От пен мұзы алмасқан болмысымның
ызғарына, өртіне қақталды олар.
Бір ғажабы, мен емес, солар түбі
адамзаттың бәріне мақтан болар!
1984



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дауыл құшағында

  • 0
  • 0

Қарлы боран әндетті,
қар инелер түйреді.
Денем мұздап, жан кетті
сені құшып сүйгелі.

Толық

Лүпілдей соқты жас жүрек

  • 0
  • 3

Лүпілдей соқты жас жүрек,
еркелеп назбен қарадым.
"Поезда-ақ хатты жазшы?!" - деп,
елжірей қалды жанарың.

Толық

Қанатты шақ

  • 0
  • 0

Құс қанат біткен жандайын,
қақтырып жердің таңдайын,
аспанды серпіп самғайын.
Жұлдызды мұздар маңында,

Толық

Қарап көріңіз