Өлең, жыр, ақындар

Мәңгілікпен кездесу

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1639
(1974 жылғы 23 май. Студенттермен кездесу сәтінен) Мұқағали Мақатаевқа

- Біз мынаны білеміз:
сіздің жүрегіңіз бәрін де батыл жырлайды,
қуаныш, қайғыға батып жырлайды –
сол бізді өзіңізге ғашық еткен.
Қандай да қасіреттен
Сізді алып шығуға ұмтыламыз,
өйткені Сіз ақынсыз
бір сәті, бір күні аңыз.
Найзағай жырларыңыз
біреулерге Сізді, рас, жақын қылмайды,
бірақ ешкім ешкімді ақын қылмайды.
Ендеше дәл Сізде бөгеттер болмауы тиіс,
болса оларды әділет қорлауы тиіс.
Осылар толғандырып, біздегі ақылды ұрлайды.
Сіздің отты көзіңізде жатыр мұң-қайғы…
Күйбеңге мойын ұсынбайтын;
мөлдір сезіммен ойын шыңдайтын;
төмендегі у-шудан биік тұратын;
өрт-оқтар жоқ секілді
Сіздей жан күйіп-сынатын,
сондықтан шашыңыз неге тез ағарды деп,
анау тұйғиық не ораған жанарды деп,
түсіне алмай, өзара қызынамыз,
шығарамыз сіз жайлы қызық аңыз.
Жүрмей дара
кейде күліп, ал кейде мұңды, ашулы,
өтінеміз бізбен бір сырласуды!
…Сонда ақын күліп тұрды сәл мұңданып,
келе жатты көзінен таң нұрланып
осынау балғын халық
жүйкесі мен жүрегін емдегендей,
мұны ешқандай қасірет, желге бермей
қорғайтындай сезінді. Сол сәттегі
бақытына өзінің сенбегендей.
Сосын, сосын дүние тынды-дағы,
кетті дейсің тасқындап жыр бұлағы,
дауыл құшқан теңіздей мынау екпін
тегі қоршау-қорғанды сындырады!
Дөңгелетіп даланы бір ақбоз ат
көкжиекті бетке алып құлдырады.
Жер мен аспан алапат найзағайдың
жарқылынан жасқанып тұрды бәрі.
Аласарып қалғандай тау да налып,
арбайды арман-жұлдыздар заулап ағып.
Ақын тұрды шың-құзын Мәңгіліктің
мәңгілікке бір өзі жаулап алып!
1984



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түрмеге хат

  • 0
  • 0

Салғандай тыпырлатып жанды мұзға,
шырылдап күн кешсем де қарлы құзда,
жүргенде Сіз биікте, білесіз ғой,
бармап ем «ағатайлап» алдыңызға.

Толық

Азамат

  • 0
  • 1

Жүзі қоңыр болғанмен,
аппақ оның жүрегі,
күлсе шындап күледі,
ал, күрсінсе — түн еді.

Толық

Оюлар

  • 0
  • 4

Түрін-ай текеметтің! Асыл қандай!
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.
«Келе ғой, қошақаным, өзіме!» - деп
әжем кеп сипағандай шашымнан жай.

Толық

Қарап көріңіз