Әбішке

Бұл бетте «Әбішке» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1777
СУАТТАР
Бір сергіп қайтсам ба екен елге барып,
жаныма жарқын мінез жеңгені алып,
жүзімді жоннан ескен желге жанып,
сатусыз сезімдерге бір сүңгісем,
сол ғана жүрегімді емдері анық.
Бас сүйер болмаса да бір туғаным,
сеземін мені аялар жұртым барын.
Қаншама құлшынғанмен, күңкілдердің
шылбырын жетпей әсте қырқуға әлім,
шаршады шырылдаумен бұл қу жаным.
Жоқ бүгін баяғы арын дауыл күткен,
талықсып кетер жандай ауыр жүктен
(шарасыз шақтарым ба жанымды үккен).
Ойымша: елдегі жұрт елеңдесіп,
жүргендей мені күтіп ауыл біткен.
Сағынып жас-кәрі де, жеңгелер де
(сезімтал жеңгеге жан тең келер ме!)
жастары – бауырым боп, үлкені – аға,
шақырып жүретіндей кел деп елге.
(бір жасап қалам осы ой тербегенде).
Ауыл, ел құятындай қуат нәрін,
тек содан оралардай шуақ таңым,
қайтадан таралардай жыраққа әнім.
Әйтеуір есі-дертім – дала менің,
нәр алар сонда зәмзәм суаттарым.
1981


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әбішке өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Әбішке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әбішке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әбішке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері