Ертегі елестері – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Ертегі елестері» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1303
Кеткелі жастық күндер желікпелі,
бір аңсау жанымды жеп мені үккені:
сендерді көрсем-ау деп армандаймын,
әкемнің үзеңгілес серіктері.
Әкесіз өтті күндер айнымалы,
табардай өздеріңнен бай мұраны
асығам, сендерге әкем ұқсайды-ау деп,
шешеме ат қойғызған қайнылары.
Ойлаумен ұрпақ қамын, уақыт қамын,
табардай қызыл тудан бақыттарын,
күресте есейгендер
тәтті-ащының
бозбала күндерінде-ақ татып дәмін.
Бас емес, бар мұратың – елің, жерің,
(пенделік күйбеңі екен менің «кегім»),
ақиқат өткелінде табыстырған
сендердің бір-біріңе сенімдерің.
Торласа көкті қошқыл бұлттар егер,
ел үшін дұшпан қанын ұрттап өлер.
Бара алмай алдарына, азап кешкен
сөз беріп, уәдесінен шықпаған ер.
Көңілін алаң етпей тақ та, би де,
сый тұтқан ақсақал ма,
жат сәби ме.
Түйілсе,
күміс сапты қамшысымен
бір тартып қарагерін тартқан үйге.
Жырақтап жарау атты тақымдар күн,
бұл күнде біле бермей атыңды әркім,
әкемнің жолдастары, жүрсіңдер ме
көзіндей ертектегі батырлардың?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ертегі елестері өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Ертегі елестері өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ертегі елестері өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ертегі елестері өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері