Қош енді, Сарыарқаның іңірлері! – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қош енді, Сарыарқаның іңірлері!» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 977
Қош енді, Сарыарқаның іңірлері!
Шипа боп жүректердің діріл-демі,
сал сезім баурап апты бүгін мені.
Сергіттің самалыңмен, жүргенімде
көңілімнің табылмастай ғұмырда емі.
Мен әлі өзіме-өзім түсінбеймін:
бойымда сарқылмастай күшім кей күн.
Ал кейде біздің эраға дейінгі
заманнан қалған қола мүсіндеймін.
Мен кейде кешкендеймін сан ғасырды,
жердегі естігендей алғаш үнді.
Тірлікпен бірге жасап келгендеймін
айналып құстан – аңға, малға түрлі,
сонан соң – жапыраққа, жанға сырлы.
Осынау жер шарының кең бетінде
жаутаңдап кейде ұқсаймын мен жетімге.
Ал бүгін бар қадірін ұққандаймын
жүрудің адам болып жер бетінде.
Болғанмен аспан биік, мидай далам,
өзіне-өзі кейде сыймайды адам.
Кеңдігің кеудемді ашып, енді, міне,
айнымас аяулымдай қимай барам.
Ызғары, салмағымен басқанда уақыт,
аңсатар еркіндікті жас парлаиып.
Жоқ екен - Жер ме, адам ба - өзі-өзінің
қожасы сезінуден асқан бақыт!
1985


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қош енді, Сарыарқаның іңірлері! өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Қош енді, Сарыарқаның іңірлері! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қош енді, Сарыарқаның іңірлері! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қош енді, Сарыарқаның іңірлері! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері