Сөз сөйлесе өлгендер тірілгендей

Бұл бетте «Сөз сөйлесе өлгендер тірілгендей» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1344
Сөз сөйлесе өлгендер тірілгендей,
қара тас та елжіреп жібігендей.
Шындық үшін шыңғырған шыбын жаны
ұлы тұлға секілді мұңы жердей.
Сырт айналса, басқаша ісі мүлдем,
ісі түгілі өзгерер түсі бірден.
Көрсе адалды, аузында – қызғаныштан –
ит абалап, ішінде күшік үрген.
Көрінуге жақсы боп бұл арсыз жан
аттауға әзір қиналмай құран, тұздан.
Адалдықтың белінен басып өтіп,
құлатады да әлсізді құзар шыңнан.
Абзал, адал, көз арбар көрікті адам,
өз қамынан басқаға торықпаған.
Мен қорқамын осындай адамдардан,
Алладан да, ардан да қорықпаған.
1989


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сөз сөйлесе өлгендер тірілгендей өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Сөз сөйлесе өлгендер тірілгендей өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сөз сөйлесе өлгендер тірілгендей өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сөз сөйлесе өлгендер тірілгендей өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері