Бұл бетте «Мен енді айналысам бір іспенен» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен енді айналысам бір іспенен,
жазылар сонда, бәлкім, құрыс денем:
мен деген тілеулестер, маған арнап
ер-тұрман соқтырыңдар күмістеген!
Әуре боп жүрсем де өлең шатпағымен,
билікке таласатын жатқа күлем.
Ал өзім соңғы кезде жиі-жиі
түсімде бір керемет атқа мінем!
Білмеймін, күміс жолды Күн, шаһар ма, -
әйтеуір, жүреді екем бір сапарға.
Жиналып жатыр халық қоштасуға,
саны жоқ – жүз қатар ма, мың қатар ма.
Бәрінің жүздерінен қарайды Күн,
Күн көрсем көңілімнен тарайды мұң.
Мен тұрып ат үстінде ойлайды екем
бұларды көрмедім деп қалай бұрын.
Барлығы қарайтындай балқып маған,
желбіреп шәйі көйлегім шаң тұтпаған,
қол созған халық – жерде, мен ақбозбен
аспанға көтеріліп қалқып барам.
Үміттің тінін үзер Күн сөнбей кім,
елестер жаяулатып жүрсем кей күн.
Ендігі ғұмырымды жалғау үшін
өңімде сол жүйрікке мінсем деймін!
1985
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі