Қайғы – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қайғы» атты Фариза Оңғарсынова жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 979
Біле алмай қайдан шығар күн
қара жүр – арақ ішкені.
Ат мінген саясатшылардың
аударыспақ ойнау – істері.
Дананың күйі - таныс жай,
кім іздер батса жылымға,
тұтқынға түскен барыстай
тышқандар патшалығында.
Ел басқарады есерің,
қазанның басы – баққаны.
Тілсіз қалғаны шешенің
жанына ешкімнің батпады.
Талтаңдап жаттар жеріңде
сорады сәніңді ақырын.
Жан қалмай барады сенуге –
жатыңнан жаман жақының.
Баяғыдай тұрар қасқайып
қарияда қауқар жоқ бүгін.
Жалтақтап серттен жас тайып,
ойлайды қарынның тоқтығын.
Тамыры қылдай жұқарып,
үйлесім кеткен жерінен,
бастары айналған мұқалып
жандарды көріп, егілем.
1991


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайғы өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Қайғы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайғы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қайғы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері