Жақсының елемейміз жақсылығын
Бұл бетте «Жақсының елемейміз жақсылығын» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жақсының елемейміз жақсылығын,
жөн білер саналыға тапшы күнім.
Оясыз сөзді ұқпайтын жаңалықты
ұлы Абай Колумбыдай ашты бұрын.
Сонда да ішкі дертім запыран боп,
көмейден шыға береді ащы жырым.
Жетпей-ақ қойсын жырым тақ маңына
(батқым жоқ тақ маңының батпағына),
тақсырлар келер, кетер.
Мен сенемін
сөзімді жадында елім сақтарына.
Адамнан ұят көшкен бұл заманда
сол жалғыз сенім-сәуле дәт жаныма.
Қаншама жаттатсаң да Құранды оған,
сезімсіз "әлхамды" да ұға алмаған.
Адамзат жер бетінде күн кешкелі
ойлы мен ойсыздардан тұрар қоғам.
Пенденің бар ғұмыры – карта ойыны,
саналы биікке бір шығар ма адам?
1985
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі