Өлең, жыр, ақындар

Шетте жүрген бауырластарға

  • 30.11.2015
  • 0
  • 14
  • 176918
Шетелге кетсеңдер де бауыр басып,
Құтты орын тепсендер де ауырласып,
Атажұрт шақырады тұқымым деп,
Құшағын байтақ дала, тауың да ашып.
Бөленіп онда бәрің байлық, баққа,
Тіпті ие болсаңдар да атақ, даңққа,
Бірге ұрпақ барсын жарқын болашаққа,
Бұрыңдар көшті атамекен жаққа.
Қазағың жетті ежелгі арманына,
Жағдайдың қарамаңдар бар, жоғына,
Ілінбеу үшін елдік бірлік керек
Ешқашан енді ешкімнің қармағына.
Уақытша көрсендер де қиыншылық,
Мың артық күн кешуден қорқып-бұғып,
Қожа боп өз жеріңде өз еліңе
Не жетсін тер төгуге соны ұғып.
Астында өз аспаның, өз туыңның,
Өз ауа, нәрін жұтып өз суыңның,
Қандастар қапы қалма, орны бөлек
Күнде өз әнұраныңмен оянудың.
Мәнге ие сәттерің көп елде өтетін,
Озбыр жоқ сыбағаңнан кенде ететін.
Бәріміз ұйымдасып көркейтейік
Қазақтың бейбіт, дербес мемлекетін.
Шетелге кетсеңдер де бауыр басып,
Құтты орын тепсендер де ауырласып,
Атажұрт шақырады тұқымым деп,
Құшағын байтақ дала, тауың да ашып.
Бөленіп онда бәрің байлық, баққа,
Тіпті ие болсаңдар да атақ, даңққа,
Бірге ұрпақ барсын жарқын болашаққа,
Бұрыңдар көшті атамекен жаққа.
Қазағың жетті ежелгі арманына,
Жағдайдың қарамаңдар бар, жоғына,
Ілінбеу үшін елдік бірлік керек
Ешқашан енді ешкімнің қармағына.
Уақытша көрсендер де қиыншылық,
Мың артық күн кешуден қорқып-бұғып,
Қожа боп өз жеріңде өз еліңе
Не жетсін тер төгуге соны ұғып.
Астында өз аспаның, өз туыңның,
Өз ауа, нәрін жұтып өз суыңның,
Қандастар қапы қалма, орны бөлек
Күнде өз әнұраныңмен оянудың.
Мәнге ие сәттерің көп елде өтетін,
Озбыр жоқ сыбағаңнан кенде ететін.
Бәріміз ұйымдасып көркейтейік
Қазақтың бейбіт, дербес мемлекетін.

7сәуір, 1992 ж.



Пікірлер (14)

ханзада

Өте керемет

БАУЫРЖАН

ӨТЕ КЕРЕМЕИ

Айша

Оразақын Асқардың Шетте жүрген бауырластарға өлеңі ұнады

Асылбэк

Маған қатты ұнады. Зор екен ема

Жәнібек

Керемет. Атамыздын иманы жолдасы болсын!

керей

Мына өлең тым жақсы... Осындай ащы шындықты өлең тармақтары арқылы бере/ жеткізе білу... Өкінішті-ақ қазір елімізден кетіп,борышыңды өтей алмау... Бірақ түсінуге де болады.

ТТТ

Жақсы

гш. пгшщ рпщг. Рщгр.

имба

Жомарт

Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырластарға» өлеңі — жүректің түбіне жететін рухани үндеу. Бұл туынды шетелде жүрген қандастарымызға арнап жазылған терең ойлы шығарманың бірі. Автор өлең жолдары арқылы туған елдің қымбаттығын, атажұртқа деген сағынышты, сондай‑ақ қазақ елінің бірлігі мен дербестігін сақтаудың маңызын шынайы сезіммен жеткізген. Бұл өлең әр қазақтың жүрегіне үңіліп, елдің болашағына сеніммен қарауға шабыт береді және өз елінде еңбек етіп, бірге жарқын болашақ құру идеясына күш қосады. Осындай айтар ойы бар өлеңдер қазақ поэзиясының бай мұрасы ретінде әр оқырманға ой салып, әсер қалдырады.

Абдигааппар

Сабақ окындар

Дико

Өте әсерлі әрі өзекті өлең екен! Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырластарға» деп жырлағанда шетелдегі қазақтардың туған жерге деген сағынышын, атамекеннің аспаны мен суының қадірін, ұрпақ үшін жарқын болашақ қажеттілігін қалай терең жеткізген. «Атажұрт шақырады тұқымым деп...» деген жолдардан ұлттық бірліктің күші сезіледі. Қазақтың бейбіт, дербес мемлекетін көркейтуге шақыру – мәңгілік үндеу. Сайтта осындай патриоттық жырлардың мәтіні болғаны қуантады, рахмет! Шеттегі бауырларымызға жетсін, жүректері жылысын.

Тима 10б

Сабақ оқыңдар

Олжас

Керемет

Шавкат

Туған жердің қадірі, ұлттық бірлік, тәуелсіз елді көркейту идеясы айқын көрінеді. Өлеңі өте әсерлі әрі мағыналы шығарма екен.

Пікір қалдырыңыз

Табан

  • 0
  • 0

Монғол, жоңғар арт-артынан қаптаған
Кезде елімді қалмады жау шаппаған.
Ойран болып Отырарым, Саураным,
Сонда болдым шұбырынды ақ табан.

Толық

Сағыз

  • 0
  • 0

Түнделетіп жеттік біз,
Сағындырған жайлауға.
Ерте тұрып Лаула қыз,
Шықты тысқа ойнауға.

Толық

Маса

  • 0
  • 1

Кей жерлерде маса көп,
Әдеттен тыс аса көп.
Мазалайды ызыңдап,
"Бір қарсылық жаса" деп.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар