Іңір – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Іңір» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1657
Іңір түсіп, қас қарайды,
күн бағыс – қыз шаш тарайды.
Шығарып тұр шашу шашып,
серуенге аспан Айды.
Жүзін көріп айнадағы
көлге үңіліп Ай қарады.
Бақа шулап
бастарына
көтереді айналаны.
Қарауытып майда қырат,
бұлақ кетті сайға құлап.
Жылқы алыста кісінейді,
үй маңында қой маңырап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері