Бұл бетте «Тауқымет» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күн көрудің қиыны-ай,
көз тартқанмен гүл-өңір.
Айрандайын ұйымай,
іріп жатқан бір өмір.
Тамағына тапқаны
жетпей жүрген бір адам.
Жайлы өмірдің шатқалы –
жеткізбейтін бір алаң.
Байығандар әлі де
байи түссем деп әуре.
Балалардың бәріне
үй берсем деп мен әуре.
Шырқыраумен күн шығып,
шырылдаумен күн батты.
Тауқыметтен тұншығып,
жойдық талай қымбатты.
Өмір деген білгенге
азаптарадан тұрады.
Сөйтіп жүріп, бір демде
сөнер тірлік шырағы.
1991
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі