Әпкесінің әні

Бұл бетте «Әпкесінің әні» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1694
Айым менің қайда екен –
достарымен тойда екен!
Тойда болса, отырсын –
қолына жүзік толтырсын!
Айналдым Ай-баладан,
тауып алдық даладан:
далада бала жата ма —
түсіп қалған шанадан!
Жылама, бөпем, қой, бөпем!
Құнан қойды сой, бөпем.
Құйрығына той, бөпем,
өзің тойған құйрықтан
әжеңе сақтап қой, бөпем!
Осы бала — Күн бала,
өзі аппақ, гүл бала!
Әлдилесе әжесі,
ұйқтай қалар бұл бала!
Әлди, әлди, бөбегім!
Таусылмайтын өлеңім!
Ұйқтасын деп бөбегім,
өлеңімді төгемін!
1977


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әпкесінің әні өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Әпкесінің әні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әпкесінің әні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әпкесінің әні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері