Бұл бетте «Менің атам» атты Фариза Оңғарсынова жазған ата туралы өлең берілген.
Атам менің жақсы адам,
ешкім одан аспаған.
Фашистермен соғысып,
оң аяғы ақсаған.
Көп айтпайды ол өткенін,
қанын қалай төккенін.
Бірақ әжем сақтаған
ордені оның көп керім.
Әзілі оның қалмайды,
әжемді де алдайды.
Үйдегілер күлкіден
аузын жия алмайды.
Әжем де оны сөкпеді,
сөзін де екі етпеді.
Шақырса егер біреулер,
әжемсіз ол кетпеді.
Бір-бірінен екеуі
қызғанады тек мені.
Атам деген мықты адам,
ылғи мені құптаған.
Ауырса да аяғы,
қабағын бір шытпаған.
Сол соғыста мына мен
болсам, жауға шығар ем.
Ақсақ қылған атамды
дұшпандарды қырар ем!
1973
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі