Туған жер – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Туған жер» атты Фариза Оңғарсынова жазған туған жер туралы өлең берілген.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2346
Құрыш болат білекпен
шөл далаға гүл еккен,
қалаларды самсатып,
жапандарды түлеткен
ағаларым көп мұнда.
Кешегі елсіз жатқан маң
аты аңыз боп жатталған,
жер астының байлығын
теңіз қылып ақтарған
апайларым көп мұнда.
Заводтары қаптаған
зәулім үйлі көп қалам!
Жұрт ержүрек жандардың
мекені деп мақтаған
туған жерім бұл менің!
1972


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері