Бұл бетте «Мен де солдат болар ем» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жауынгер боп Асқар ағам
өткен жылы кетіп еді.
Суретінде хатқа салған
шаттық толы көкірегі.
"Барады елден жеке мүлде,
не күтіп тұр жырақта алдан?" –
Әжем Асқар кетерінде
осылай деп жылап қалған.
"Тыныштықта жаман ырым
бастама,— деп ұрысты атам,-
ел қорғауға барады ұлың,
жоқ па одан да дұрыс батаң?!"
Көз алмадық бәріміз де,
киімі де қатқан қандай!
Күлімдеп тұр, әне, бізге
солдатпын деп мақтанғандай.
Атам айтты: "Асқаржаным,
солдат бопсың, жарадың!"— деп.
"Жоқ,— дейді әжем,— басқа арманым
аман жүрсе қарағым",— деп.
Апам орны басқа, бірақ
қуанды іштей о да керім.
Өссем екен шапшаңырақ,
мен де солдат болар едім…
1973
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі