Балықшы — батыр – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Балықшы — батыр» атты Фариза Оңғарсынова жазған ерлік туралы өлең берілген.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2089
Аппақ айдын, ақ айдын,
ақ айдынға қараймын.
Балықшы ағаларымды
батырларға балаймын.
Дауылға да қарамай,
жауынға да қарамай,
дүбірлетіп айдынды,
ау тартады жағалай.
Моторменен зырлатып,
балық аулап түн қатып,
белуардан су кешіп,
толқындарға жүр батып.
Сазанының дәмін-ай,
шабағының бәрі май,
қортпалары танадай,
шоқырлары баладай.
Ақ айдынға келемін,
ақ шабағын теремін.
Балықшы аға секілді
батыр болсам деп едім!
1975


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері