Өтірікші – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Өтірікші» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1838
Маран деген баланың
көрсеңдер ғой бөскенін:
"Қақпаға доп саламын
өзімен-ақ өкшенің!
Менің көкем Дарқанбай,
нағыз батыр қырағы:
қолына түк балта алмай,
қасқырларды қырады!"
Мұның бәрі өтірік –
доп салмайды ол қақпаға.
Көкесі де көпіріп,
жүреді ылғи мақтана.
Ойнағанда әлі біз
күлкі етеміз Маранды.
Жек көреміз бәріміз
өтірікші адамды!
1974


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өтірікші өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Өтірікші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өтірікші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өтірікші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері