Көгершін – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Көгершін» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2244
Көшедегі халық тәмәм
аспан жаққа қарасады:
көгершіндер қалықтаған
көк жүзінде жарасады.
Көгершіндер көп-ақ бүгін,
қадалмаған жанар бар ма!
Бейбіт күннің шуақ нұрын
паш етіп жүр адамдарға.
Қап-қара құс шыға келді,
көгершінге бас салардай.
Тұмсығы –жез, бұдан енді
жолбарыс та жасқанардай.
Қорғанады қара құстан,
ақ көгершін алысады.
Тез жеңілсе ала дұшпан,
ақ көгершін тағы ұшады.
Көгершіндер, төбеме өрле,
жеңістермен жалға күнді!
Ей, адамдар, төге көрме
бір-біріңнің қандарыңды!
1978


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көгершін өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Көгершін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көгершін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көгершін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері