Африка биі – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Африка биі» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1899
Тамтам үні дүбірлейді далада,
би билейді жас, кәрі де, бала да.
Сан дыбыс бар тамтамдардың үнінде –
толқын үні жарға соққан іңірде.
Құм құйғандай жанды кернеп бір жалын,
біз сүйеміз тыныштықтың ырғағын.
Тамтам үні дүбірлейді далада,
би билейді жас, кәрі де, бала да.
Тұра алмайды билегенде қарттар да,
би билемей Африка жатқан ба!
Би де бітті, жұрт тарады күлімдеп,
бірақ тамтам құлақта тұр дүбірлеп!
1978


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері