Мұнай теңізі – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Мұнай теңізі» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.02.2022
  • 0
  • 1
  • 5499
Кең даланың астында
Ғажап теңіз бар екен.
Жер бетіне тасқындап
Бір шығуға зар екен.
Мұнай-теңіз сол екен,
Қасиеті оның мол екен.
Сонау дала төрінен
жанады екен от болып.
Ракета да сонымен
зулайды екен оқ болып.
Онсыз бәрі тұрады,
мотор істен шығады.
Ойыншық та сендерге
жасалады мұнайдан.
Егін өсер жерлер де
сол арқылы тыңайған.
Мұнай-теңіз сол екен,
қасиеті оның мол екен.
1980


Пікірлер (1)

Жарас жақсылық

Өте керемет өлен екен

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері