Батырлардың ұрпағымын – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Батырлардың ұрпағымын» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2563
Күресте өсіп қайсар бабам
қиындықтан тайсалмаған,
Жасқа қамқор, еліне — үлгі,
терең ойлы, байсалды адам –
мен атамның шырағымын.
Жастық шақта жалындаған,
қайталаған әнін далам,
қала салып, Айға аттанып,
мұхиттарда дамылдаған –
ер әкенің ұланымын.
Мен әзірше жас баламын,
алдымда әлі бақ-талабым,
аталарға тартып туған
ұланмын деп мақтанамын.
Ел аялар сұңқар ұлын –
батырлардың ұрпағымын!
1977


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері