Жазда – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жазда» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2509
Туған елдің тау-қырын
аралаймыз, шарлаймыз.
Тамашалап таң нұрын,
демаламыз жаздай біз.
Толқынменен жарысып,
шомыламыз суға біз.
Батырлармен табысып,
есітеміз түрлі аңыз.
Қалықтайды күміс күн,
әнге басып келеміз.
Әкелердің ұлы ісін
жалғастыра береміз.
Біз өрлеген құздарда
шаттық үні орнады.
Шақырады бізді алға
жаңа жорық жолдары.
1971


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері