Ұл балаға бата – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Ұл балаға бата» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.02.2022
  • 0
  • 0
  • 3569
Жүсіптің дидарын берсін,
Мұхамбеттің иманын берсін,
жаныңа даланың кеңдігін берсін,
Әзірет Әлидің ерлігін берсін,
Абылайдың байрағын берсін,
Бауыржан батырдың айбарын берсін!
Еліңе ырыс-құт орнасын,
жеріңе тыныштық орнасын!
Өсек-аяңның құрбаны болмасын,
озбырлардың шұлғауы болмасын!
Алыс жолдарда,
қалың орманда,
тайғанақ құздарда,
шатқалда, мұздарда
көлденең келер қазадан,
жазықсыз төнген жазадан
әулие-әмбиелер қорғасын,
ата-баба, аруақтар қолдасын!
Әумин!
1989


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері