Жас жұбайларға бата – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жас жұбайларға бата» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.02.2022
  • 0
  • 0
  • 3078
Сезімнің пәктігін берсін,
көңілдің ақтығын берсін,
жылулы от бастарыңа
сәбидің шатты үнін берсін!
Пейілдерің тарылмасын,
есіктерің жабылмасын,
шаршап-шалдыққандар
төрлеріңде дамылдасын!
Көлденең кесектен сақтасын,
күңкіл өсектен сақтасын,
дау-жанжалдан сақтасын,
достан қөңіл қалғаннан сақтасын!
Шайтанның азғыруынан,
елдің жазғыруынан сақтасын!
Асып-тасқаннан сақтасын,
алшаң басқаннан сақтасын!
Отауларың елге сән болсын,
өмірлерің бал болсын,
Бибі Фатима анамыздың
аруағы өздеріңе жар болсын!
1990


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жас жұбайларға бата өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жас жұбайларға бата өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жас жұбайларға бата өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жас жұбайларға бата өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері