Бұл бетте «Тағзым» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Домалақ ана туралы ән
Ұлына нұр дарытқан,
қызына жыр дарытқан
ұлы Ананың шуақты шапағаты.
Талпындырған кеңдікке,
талпындырған елдікке
анамыздың киелі махаббаты.
Қайырмасы:
Ана — ғұмыр, Ана — Күн.
Дана қызы Даланың –
ұрпағына адамдықтың нәрін құйған киелім, | 2 рет
аруағыңа тәу етіп, бас иемін! |
Тамшысындай қаныңның,
діріліндей жаныңның
дидарыңның ізі бар келбетімде.
Дәстүріңді ғұмырлы,
қылығыңды, жырыңды
жалғастырып келемін Жер бетінде.
Қайырмасы.
Шаттанғаным, күлгенім –
өзің жебеп жүргенің,
куәсіндей жүрегімнен туған ән.
Сөндірмеймін шамыңды,
шырқатамын әніңді,
тамырымды қаның барда тулаған.
Қайырмасы.
1990
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі